Ақтөбеде қараусыз қалған қария бір үзім нанға зар болып отыр
Қараусыз қалған қария. Фото: aktobetimes.kz
Қарт кісіге төртінші қабаттың баспалдақтарынан түсіп-шығудың өзі мұң. Күнде бір үзім нан үшін алақан жаюға мәжбүр болған ақсақалға көршілері мен еріктілер барынша көмектесуге тырысуда.
«Есімін Серік деп таныстырған қария аяғының іріңдеп жатқанын айтты. Ол Деповская 15 мекенжайы бойынша 407 бөлмеде тұрып жатыр. Біз отыз адамдай болып жиналып, оған мүгедектер арбасын, дәрілер мен азық-түлік әкеліп бердік. Қария емханаға жатудан бас тартты. Мінезі ауырлау, тұйық. Пәтерін тартып алады деп қорқады. Туыстарының бәрін қуып жіберген деп естідім» — дейді Мөлдір есімді ерікті қыздардың бірі.
Бойжеткен ақсақалға барынша көмектесуге тырысатынын алға тартты.
newstaraz.kz