Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде қайын атасының жыныс мүшесінен тепкен келіннің атағы шықты

newstaraz.kz

Көрнекі сурет. Фото әлеуметтік желіден алынды

Ақтөбеде қайын атасы жалықтырып жібергенін айтқан келіншек ол енді тиіссе барлық жағдайды жайып саламын деп отыр.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды. Оқиға кейіпкерлері алғашында өздерін суретке түсіруге рұқсат бергенімен, кейін фотоларының ғаламтор бетіне шыққанын қаламады.

«Жасырмаймын, қайын атаммен арада байланыстың болғаны рас. Бір емес, екі емес доғаратын уақыт болды. Ертең үйдегі басқа біреулер біліп қалса қайтеміз?! Енді қою керек емес пе?», — дейді келіншек.

Келіншектің бар құпиясын бұлай ашып салуына қайын атасының әңгімесі себеп болған. Ол отбасының ортақ танысына келіні көргенсіз, мінезі нашар екенін, үйде болған жанжал кезінде жыныс мүшесінен теуіп жібергенін айтқан. Туыстарының арасында «қайын атасының әуретті жерінен тепкен келін» деген аттаққа ие болған келіншек қайын атасын масқара қылатынын айтады.

«Түскен жерімді тәрбиелі, өнегелі отбасы деп айта алмаймын. Үнемі айқай-шу шығарып жүреміз. Бетімізден алып сөйлеу, соңында жұлқыласу — бәрі үйреншікті болып кетті. Егер керек болса, мен бұл отбасының бәрінің де масқарасын шығарамын», — дейді келіншек.

Келінімен жақын байланыста болған атасы да сасар емес.

«Келінім көргенсіз. Менің әуретті жерімнен тепті. Қызым екеуі төбелесіп жатқан жерінің үстінен түстім. Үйде екеуі шаштасып жатыр екен. Екеуін ажыратып жатқанымда ашуланған келінім мені теуіп жіберді. Араларындағы бала үшін не дейміз оған? Бар білгені сол боса қайтейін? Қызбен телефонға бола төбелескен. Сол күні қызым телефон сатып әкелген болатын. Келінім қарап отырмай қызыма «алған телефоның онша емес» деп күлген. Бұл ашуланып, соңында екеуі төбелескен. Балам жұмыста, үйде көп бола бермейді», — дейді қайын атасы.

«Ол қыз мені тілдеп, ауызына келгенде айтқаннан кейін ашуландым. «Интернетте жүрген жалаңаш суреттеріңді жинап ал» дедім. Жабық сайттарда оның жалаңаш түскен суреттері толып жүр. Ол өтірік емес. Әуелі қыздарына тәрбие беріп алсын. Атаммен бұрын байланыс болды. Қазір онымен ондай жағдайға бармаймын. Егер мені мәжбүрлейтін болса, оның әрекеттерін бүкіл елге жайып саламын»,-дейді келіншек.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »