Ақтөбеде бақташылар мал ұрлауды жиілеткен
Полиция үш бақташыны ұстады.
27 шілде күні 30 жастағы қала тұрғыны Алға ауданына қарасты шаруа қожалығының 31 бас ұсақ малын ұрлаған. Шаруа қожалығының 68 жастағы иесі шағым түсіргеннен кейін, полицейлер бақташыны ұстап алды. Алайда қойлар иесіне қайтарылмады. Келтірілген шығын көлемі — 600 мың теңге.
Ал, үшінші қылмыс 30 шілде күні Қарғалы ауданында тіркелді. Мұнда 60 жастағы бақташы «Еділбай тұқымды» 16 бас қойын ұрлап әкетті. Қойлар иесіне қайтарылды.