Ақтөбеде бала туған келіншектер де «қыздық» салдыруға құмар болып шықты
Айгүл Каликова, дәрігер. Фото: NUR.KZ
Ақтөбе облыстық перинатальдық орталықтың мамандары кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында жүкті болып қалатын қыздардың азайғанын қуана хабарлады деп жазады аймақтағы NUR.KZ тілшісі.
«Биыл 16 жастағы қыз баланы босандырдық. Ол тұрмысқа шыққан қыз, бізге келген ең жас ана. 17 жасынан босануға келетін қыздар бар. Бірақ қазір олардың саны азайды. Бұрын көп болатын. Ата-анасының рұқсатымен түсік жасататын жас қыздар бар. Бұрын олардың да саны көп болатын, қазір азайды. Он жыл бұрын босану орталығына түсетін жас қыздар көп еді. Қазір олар мүлде жоқ деп айта алмаймын. Жеке кабинеттерге баратындары болады»,- дейді медициналық қызмет сапасы жөніндегі директордың орынбасары Айгүл Каликова.
Дәрігер 53 жастағы келіншектердің арасында да босануға келетіндердің бар екенін айтады. Сонымен қатар «қыздық» белгісін тігіп беруді сұрайтын қыздардың өтінішіне де дәрігерлердің құлағы үйреніп кеткен.
«Бізге осындай сұрақтармен келгендер болды. Қазір олар жеке гинекологиялық кабинеттерге барады. Ол жақта «қыздық» белгісін жасап береді. Қыздар түгілі бала туған келіншектер де қыздық салып беруді сұрайды. Тіпті, бұрын бала туған қыздардың өзі қыздық салуға құмар», — дейді Айгүл Каликова.
newstaraz.kz