Ақтөбеде балабақшадағы сәбиді оңбай күйдіріп алған тәрбиеші жұмысынан қуылды
Көрнекі фото: этикет.com
Еске сала кетейік, ол ұйықтап жатқан балаларды қараусыз қалдырған. Соның кесірінен кішкентай Нұрай төсегінен құлап, аяғын жылу құбырына қыстырып алған болатын.
Ал шырылдап жылаған бөбекке ешкім көмекке дер уақытында келмеген. Ақыры екі жасар қыздың аяғы күп болып ісіп, терісі үлбіреп түсіп қалады.
Қазір ол облыс орталығындағы балалар ауруханасында ем алып жатыр. Осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізген комиссия Бөгетсай ауылындағы балабақша меңгерушісін де жазасыз қалдырмады. Бірақ, әзірге қатаң сөгіспен шектеліпті.
«Бөбекжай» балабақшасында болған оқиғаға меңгерушіге қатысты қатаң сөгіс берілді. Тәрбиешісі орнынан босатылды. Қауіпсіздік мақсатында жылу батареялары қоршалған», — дейді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының бас маманы Әмина Нұрманова.
newstaraz.kz