Ақтөбеде енесін тақырға отырғызып кеткен келін тәртіп сақшыларының назарына ілікті
Енесінен бөлек өзге адамдарды да тонағаны белгілі болды.
2014 жылы 11,2 млн теңгелік мүліктері жоғалғанын байқаған әйел полицияға хабар береді. Ұры есікті сындырмай кіре алғандықтан, бірден күдікке оның келіні ілінген. Ұлының әйелі үйі тоналғаннан кейін ізін жасырып үлгереді, — деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Украинаға аттанған полицейлер тобы келіншектен бөлек 29 млн теңгені қолды қылған өзге компания директорын құрықтады. Күдіктілерді экстрадициялау мәселесі қарастырылуда», — дейді Ақтөбе ІІД баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева.