Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған 131 қыз жүкті болып қалған
Олардың дені 16-18 жас аралығындағылар.
Ақтөбеде жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 131 бойжеткен жүкті болып қалған. Өткен жылы мұндай жасөспірімдердің саны 133 болған. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары айтып отыр, деп жазды Астана телеарнасы.
Ал ең кішісі 15 жаста ғана. Араларында студент те, оқушы да бар. Дегенмен, көбі еш жерде оқымайтын жасөспірімдер екені анықталып отыр. Дәрігерлер соңғы кездері толыққанды отбасылардың қыздары жиі жүкті болып жатқанын айтады.
Әлия Жанғараева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы міндетін атқарушы: 131 қыздың 67-ісі босанды. 61-і әлі жүктілік кезеңінде. Екі жасөспірімге медициналық және әлеуметтік жағдайларына байланысты жасанды түсік жасалды. Биыл зорлық-зомбылық көрсету оқиғасы тіркелген жоқ. Менің ойымша, бәрі тәрбиеге байланысты. Осы жағынан олқы түсіп жататын секілдіміз.