Ақтөбеде түнде атыс болып, бір адам қаза тапты
Атыс. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Көлік ішіндегілер полиция қызметкерлеріне қарсылық білдіріп, оқ жаудырған. Олар мал базары маңында полиция қызметкерлерімен атысқан. Ақтөбеде түнімен полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ жұмыс істеді. Күдіктілерді қолға түсіру кезінде көлік ішіндегі бір адам көз жұмды.
Машинада қанша адамның болғандығы жөнінде әзірге ақпарат жоқ. Дегенмен ІІД бұл жайтқа қатысты таяу арада толыққанды ақпарат беретін болды.
newstaraz.kz