Ақтөбеде өзіне қол жұмсауға бейім адамдарды мектеп жасынан анықтау жұмыстары қолға алынды
100 мың адамға шаққанда 28 адам суицид жасауға бейім.
Ақтөбелік ғалымдар ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсаумен күрес жолдары зерттеліп жатыр. Психолог әрі дағдарыс кезіндегі және өз-өзіне қол жұмсау жағдайындағы компьютерлік диагностика саласын зерттеп жүрген Жанна Қадырова өңір тұрғындарының көрсеткіші алаңдататынын айтып отыр.
«Qala» жобасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жаңа жоба әзірленді. Кез келген қала тұрғыны өз шағымын жазып, оның шешу жолдарын біле алады. Арнайы жүйе арқылы қаланың инфрақұрылымдық картасы да айқындалады», — деді Жас ғалымдар кеңесінің жетекшісі Жайық Сұлтан.