Ақтөбелік салафит өгей ұлын зорлап келген
Зәбір көрген бала болса қорыққанынан бұл туралы ешкімге айтпай келген.
Ақтөбе облысында салафизм ағымының ұстанушысы өзінің өгей ұлын зорлап келген. Бұл туралы Ratel.kz порталына сілтеме жасап Sn.kz жазды.
Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне Қандыағаш қаласының тұрғыны арызданған. Әйел адам 29 желтоқсан күні күйеуінің ұлын зорлап жатқан сәтінде үстінен түскенін айтып отыр.
Тергеу барысында анықталғаны, 31 жастағы ер азамат 2017 жылдың ортасынан бастап өгей ұлын тұрақты түрде зорлап келген екен.
Сондай-ақ, күдіктінің салафизм ағымын ұстанушы екені де белгілі болыпты. Ол салафиттік «ұстаз» Ділмұрат Махаматовтың шәкірті көрінеді.
Зәбір көрген бала болса қорыққанынан бұл туралы ешкімге айтпай келгенін мәлімдеп отыр. Тек өгей әкесі ұсталғаннан кейін ғана бар шындықты жайып салған.
Қазіргі таңда күдікті «діндар» қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы (жасөспірімдерді азғындау) бойынша іс қозғалды.
newstaraz.kz