Ақтау тұрғынын 50 рет пышақтап өлтірді деген күдікпен қырғыз азаматы ұсталды
Иван Грабов жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келгенше қайтыс болған.
Ақтау тұрғынын 50 жерден пышақтаған қаскөйдің ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр, — деп хабарлайды КТК арнасы.
Марқұм жұбайымен 13 жыл отасқан Лариса бақытты сәттерімнің бәрі артта қалды деп зар жылап отыр.
«Дәрігермен сөйлескен едім, ол күйеуімнің алған жарақаттан тірі қалуы мүмкін еместігін айтты. Бауыры мен өкпесі, тіпті бас сүйегі де езіліп кетіпті. Менің суреттерден көргенім, жауыз оны аңшылық пышағымен өлтірген», — дейді марқұмның әйелі Лариса Грабова.
Осы іске қатысты түрлі сараптама тағайындалған. Күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы да осы тексерістерден кейін белгілі болмақ. Егер кінәсі дәлелденіп жатса, 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.