Ақтауда 63 жастағы әйел терезеден секіріп қайтыс болды
Сол аяғы мен оң қолы сынған, басқа да көптеген жарақат алған.
Ақтауда 63 жастағы әйел 12 шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап қайтыс болды, — деп хабарлайды Today.kz «Ладаға» сілтеме жасап.
Туысқандарының айтуынша, зейнеткер пәтер жалдаған. Сол пәтердің маңынан оның денесі табылды.
Қарт кісінің өлімі дерегімен ҚР ҚК 105 бабы «Өз-өзіне қол салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.