Ақтауда 93 жастағы соғыс ардагері терезеден құлап, қайтыс болды
Ақтауда 93 жастағы қария көп қабаттың үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен деп хабарлайды «Лада» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Куәгерлердің cөзінше, кейуана қаланың 4 ықшам ауданындағы 56 үйдің терезесінен құлаған. Жедел жәрдем станциясына хабарлама сағат 16:11-де түсіпті. Алайда, егде жастағы әйел дәрігерлер келгеше көз жұмған.
Кейіннен марқұм болған қарияның Ұлы Отан соғысының ардагері екені белгілі болды.
Көршілерінің айтуынша, 93 жастағы Макина Екатериана Семенова жалғыз тұрыпты. Жылы жүзді әйел денсаулығына еш уақытта шағымданбаған.
Ол тіпті ешкімнің көмегінсіз өзі жүріп-тұра алатын жағдайда болыпты. Соғыс ардагерінің ұлы анасына күнделікті келіп тұрады екен.
Оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршауға алды.
newstaraz.kz