Ақтауда жүгіруге шыққан жасөспірімді зорлап кетті
Күдіктіні Ақтау қаласының полиция қызметкерлері тұтқындаған.
Ақтауда жүгіруге шыққан жасөспірімді зорлап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 5 тамызда, сенбі күні болған.
«Оны ер азамат аңдып жүрген. Кейін қызды жағалауда демалушылар ес-түссіз жатқан күйінде тауып алды», — дейді парк қызметкерлері.
«Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 121 бабы бойынша (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, кәмелеттік жасқа толмаған адамға қатысты) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды», — деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 26 шілдеде Қостанай облысында 50 жастағы әйелді таксиде зорлап кеткен болатын.