Ақтаулық ата-аналар мектептегі қазақ тілі пәнінен бас тартпақ
Директор өз кезегінде ата-аналардың сөзін жоққа шығарып, ешкімді кітап немесе дәптер сатып алуға міндеттемегенін айтып жатыр.
Ақтау мектептерінің бірінде 2-сынып оқушыларының ата-аналары қазақ тілі пәнін алып тастауды талап етіп отыр. Бұған аталған пәнге қажетті кітап, дәптер және сөздікті өздерінің сатып алуы себеп. Айтуларынша, қажетті оқу құралдарының бағасы қымбат. Бұл туралы stan.kz, Lada.kz басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
“Біздің заманымыздағы қазақ тілі пәніне арналған оқулықтар – аудармасы жоқ мәтіндердің жиынтығы. Ішінде бір ереже жоқ. Ұстаздар да оны аударып бермейді. Нәтижесінде балаларымыз кітапқа үңіліп отырғаннан басқа ешнәрсе білмейді. Оның үстіне мектеп тарататын оқулықтармен ғана шектелу мүмкін емес. Бізден оқуға арналған әлгі дәптерлер мен сөздіктерді сатып алуды сұрады. Біз мұндай дәптерді тек екі дүкеннен көрдік. Екеуінде де бағалары удай қымбат. Сол себепті, мемлекеттік тілді меңгеруден бас тартқан жөн сияқты. Мектеп бағдарламасы оқушылардың миын ашытқаннан басқа ешнәрсе білмейді. Мұнымен қатар, мұндай қымбат дәптерлерді барлық отбасы сатып ала алмайды”, – дейді ата-аналардың бірі.