«Алла барлық құсқа құрт-құмырсқа береді, бірақ оңың ұясына тастамайды»
Дана әйел күйеуімен ренжісіп қалған күннің өзінде, ерте тұрып, оның тамағын дайындайды… Дана еркек өзінікі дұрыс болмағанның өзінде әйелін құшақтап, сүйеді….Даналық жылдардың жемісі!!!
Ұзағырақ өмір сүру үшін жиі күлкіден өлу керек.
Көріксізден сұлулықты көру. Жылғадан жайылған өзенді көру. Күнделікті өмірде бақытты бола алатын, шын мәнісінде ол бақытты адам.
Өзгеден ешуақытта, ештеңе талап етпе. Егер адам сенің сеніміңді ақтамаса, онда оның кінәсі жоқ. Ол сенің күткенің емес пе.
Кей кезде «барлығы жақсы» деп айта салғаннан, жағдайыңның неге жаман екенін түсіндірген қарапайымырақ.
Ешуақытта бөтеннің өткеніне күлме, өзіңнің болашағыңның қандай болатынын білмейсің.
Егер әйеліңнің көңіл- күйі түсіп кетсе, қауіпсіз аймаққа шегін де оған әминяныңды лақтыр!(қалжың)
Бақытты және үйлесімді өмірдің сабақтары
1.Ойдың өзі материалды.
Біздің санамыз-ол барлығы. Не туралы ойласаңыз, сіз сол боласыз. Егер адам таза пиғылмен айтса, немесе іс әрекет етсе, бақыт соның соңынан көлеңкесі сияқты оны ешуақытта қалдырмайды. Дұрыс өмір сүру үшін миымызды «дұрыс» ойлармен толтыруымыз керек. Дұрыс ойлау не қаласаң, бәрін береді. Дұрыс ойламау -ол зұлымдық, соңында сізді барлығынан талқандайды. Барлық істер санадан шығады. Егер сана өзгерсе іс-әрекетіңіз қала ма?
2.Кішкенеден бастау-ол қалыпты жағдай
Тамшыдан ыдыс бірте-бірте толады. Әрбір шебер бастапқыда әуесқой болған. Кішкенені місе тұтып, біздің барлығымыз кішкенеден бастағанбыз. Егер сіз жүйелі және шыдамды болсаңыз, жетістікке жетесіз! Ешкім бір түннің ішінде ештемеге қол жеткізбеген: табыс ыдыс толғанға дейін, кішкенеден бастауға дайын және тынбай еңбек еткенге келеді.
3.Кешіру
Ашуды ішінде ұстап тұру деген-ол ыстық көмірді ұстап алып, біреуге лақтырғың келетін ниет, бірақ, одан күйетін өзіңізсіз. Кешірімнің түрмесіндегіні сіз босатқан кезде, өзіңізді- өзіңіз ол түрмеден босатасыз. Өзіңізді баса алмай тұрып, сіз ешкімді баса алмайсыз. Кешіруді үйреніңіз. Тезірек кешіруді үйреніңіз.
4.Сіздің әрекетіңіздің маңызы бар
Сіз дамуыңыз үшін, іс-әрекетке көшуіңіз керек. Тезірек даму үшін, күнде іс-әрекет жасауыңыз керек. Құрмет –барлығына, тұрақты әрекет еткендер ғана оны сезіне алады. «Алла барлық құсқа құрт-құмырсқа береді, бірақ оңың ұясына тастамайды» дейді мақалда. Іс әрекет істегеннің басына тағдыр түседі дегенге сенбеймін, бірақ, мен еш әрекетсіз отырғанның басына тағдырдың түсетініне сенемін.
5.Түсінуге тырысыңыз
Біз шындық үшін күресуді қойдық, біз тек өзіміз үшін күресуді бастадық. Бірінші түсінуге тырысыңыз, содан кейін ғана өзіңізді түсіндіруге тырысыңыз. Сіз біреудің көзқарасын түсінуге барлық күш жігеріңізді салыңыз .Басқаларды тыңдаңыз, олардың пікірін. Түсініңіз, сонда ғана тыныштық табасыз. Шындықты іздегенше, көбірек бақытты болуға көңіл бөлу.
6.Өзіңізді жеңіңіз.
Мың шайқасты жеңгенше, өзіңді жеңген дұрысырақ. Сонда ғана жеңіс сенікі. Оны сенен періштелер де, жалмауыздар да, тозақ пен жұмақ та ала алмайды.Өзіңді жеңу үшін, өз ақыл-есіңді жеңуің керек. Сіз өз ойларыңызды бақылауда ұстағаныңыз жөн. Олар теңіз толқынындай буырқанбауы керек.
Сіз «Мен өз ойларымды бақылай алмаймын». Ойлар қалаған уақытында келеді деп ойлана аласыз. Оған мен :Сіз құсқа үстіңізден ұшып өтуіне рұқсат бере алмайтыныңызды бірақ , міндетті түрде басыңызға ұя салуына кедергі ете алатыныңызға жауап беремін».
7. Үйлесімдікте өмір сүріңіз
Үйлесімділік жан-дүниеңізден келеді.Оны сырттан іздемеңіз.Тек өз жүрегіңізде ғана болатынды сырттан іздемеңіз. Өмірдің шындығынан өзіңізді басқа жаққа бұру үшін ғана сырттан іздейміз. Үйлесімділікті тек қана өзіңнің жан дүниеңнен іздеу ғана шындық. Үйлесімділік- ол жаңа жұмыс емес, жаңа автокөлік, немесе жаңа отбасы да емес, үйлесімділік ол-өзіңізден басталатын жан дүниеңіздегі жайлылық.
8. Алғыс айтуға дайын болыңыз.
Таңертең тұрғанда Жаратқанға көп оқымасақ та, көп уақытты босқа жібермегенімізге, уақытты өткізіп алғанның өзінде ауырып қалмағанымызға, өліп қалмағанымызға алғыс айтайық. Әр уақытта алғыс білдіретіндір табылады. Бір минутқа да, ренжіскен сәтте де, алғыс айтуға болатындай. кем дегенде он затты сезінуге шарасыз болсаңыз да, сонша күйрек болмаңыз. Бүгін таңертең ұйқыдан ояна алмадың.; кейбіреулер соңғы рет ұйқыға кетті. Әр уақытта бір нәрсе үшін алғыс айтуға болады.Алғыс айтатын жүрегіңіз сізді ұлы етеді!