Алладан жылап тұрып тілек тілеген бүлдіршін көпшілікті елжіретті
Ел алдында Алладан тілек тілеп, көз жасын тыя алмаған бүлдіршіннің видеосы желіде кеңінен таралып кетті. Ол жүрекжарды тілегін жылап тұрып жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол Алладан ұзақ ғұмыр тілеп, әлемдегі барлық сәбилерді ата-анасыз қалдырмауын, ерлі-зайыптылардың ажыраспауын, тек бірлікте өмір сүруін сұрады.
Қырғыз қызының ақ тілектерін естіген желі қолданушылары сүйсініп, бұл видео өздерін жылатқанын жарыса жазды.
newstaraz.kz