Алматы полицейі абайсызда әріптесіне оқ атқан
Алматы полиция департаменті әріптесінің оғынан полиция қызметкерінің қайтыс болғаны жөніндегі ақпаратты растады. Бұл жөнінде Polisia.kz telegrаm-каналы хабарлады.
Ақпаратта «байқаусызда әріптесіне қарата тапаншамен оқ атылғаны» жазылған. Оқиғаның қай жерде, кіммен орын алғаны жөнінде нақты айтылмаған.
«Абайсызда адам өліміне әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
Осының алдында жергілікті БАҚ Алматы полиция департаментінде тамақ қабылдау бөлмесінде полицей әріптесіне абайсызда оқ атқаны жөнінде ақпарат тараған.
newstaraz.kz