Новости на Newstaraz.

Алматы облысында «Сирияға кетуді армандаған» азамат бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

newstaraz.kz

Қаза болған марқұм әйел. Скриншот 31 арнадан алынды

Алматы облысында 33 жастағы Бақтыбай Полатбай есімді азамат ажырасқан әйелін қан-жоса қылып пышақтап, өлтіріп кетті деп хабарлайды 31 арна.

Қанды оқиға Талғар ауданына қарасты Дәулет ауылында болған. Суық қару ұстап, тапа-тал түсте бейқам отбасының ойранын шығарған «күйеу бала» әу бастан Сирияға кетуді мақсат еткен көрінеді. Үш күн бойы із кескен полицейлер күдіктіні әзірге тапқан жоқ. Ал жауыздықтың құрбаны болған Арайлым Дүйсекованың денесін туыстары 1 қарашада жер қойнына тапсырды.

Дүйсековтер отбасы орны толмас қазадан кейін қайғыдан қан жұтып, есеңгіреп отыр. Ауыр күрсініп, тілге әрең келген анасы қызының соңғы алты жылы қорлық-зорлықпен өтті дейді. Күйеуі қанша ұрып соқса да, екі баламды жетім қалдырмайын деп шыдап келген. Анасының айтуынша, күйеу баласы Арайлымды «Сені құрбандыққа шалып, Сирияға кетемін» деп қорқытқан.

Марқұмның анасы Скриншот 31 арнадан алынды

«Ылғи жаман киноларды көретін. Сосын Арайлымды өлтіріп, Сирияға кетемін деп армандап жүрген. Мені ешкім таппайды, қайтып келіп қырамын деді. Қызыма ертең хиджаб кигізіп қоямын, сені құрбандыққа шалам деп армандайтын. Арманына жетті», — дейді марқұмның анасы Әлима Ахметова.

Туыстары Бақтыбай Полатбай қасақана әрекетті жүзеге асуры үшін жоспарлы түрде, дайындалды дейді. Ол жексенбі күні түс кезінде бейқам отырған үйге сау етіп жетіп келген.

Есік қаққанда алдымен үйден шыққан Арайлымның әкесіне 2-3 рет пышақ нұқып, көзіне газ баллонын шашып жібереді. Ол кісі көзін аша алмай отырып қалғанда, терезені күлдір еткізіп шағып, Бақтыбай ішке кірген. Өзінің кішкентай қызын терезеден шығарып, қашпақ болған Арайлымның шашынан ұстап қалып, бірнеше рет пышақ сұққан.

Марқұмның әкесі мен анасы. Скриншот 31 арнадан алынды

«Қашқан кезде артынан барып пышақтап тастады. Біраздан кейін мені өлтірем деп еді, сіңілім өлтірмеші, ақылың бар ғой деп алдады», — дейді марқұмның анасы.

4 литрге жуық қан жоғалтқан 31 жастағы келіншек Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жетпей жол үстінде жан тапсырады. Бұған дейін отбасы бірнеше рет полицияға шағымданған. Бірақ Алматыда арнайы жасақта қызмет ететін ағасы көмектесіп, босатып жібереді дейді. Марқұмның ет жақындары қаскөй «күйеу баланы» құзырлы органдар ұстап, әділ жазаға тартуын сұрайды.

«Бірнеше мәрте қаматтық. Оны жәрдем беріп шығарып жібереді. Полицейлерге біз шағымдандық. Олар келді. Әзірге нәтиже жоқ. Үш күн болды. Іздеп жатырмыз деп айтады. Әзірге нәтиже көріп отырғанымыз жоқ», — дейді марқұмның әкесі Әділхан Ахметов.

Ал Арайлым Дүйсекованың артында қалған Расул мен Кәусар атты қос бірдей бүлдіршіні қалған. Бекзат есімді жергілікті полиция инспекторы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бірақ Сирияға кетуді көздеген жігітті іздестіру жұмыстары республика емес, әзірге облыс көлемінде ғана жүргізіліп жатыр екен.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »