Алматы облысының тұрғыны қардың астынан қару-жарақ қоймасын тауып алды
60 жастағы ер адам қаруларды көрген бойда қалалық полицияға хабарлаған.
Қапшағай тұрғыны үйінің жанындағы қарды тазалап жатқанда әр түрлі тапаншалар мен 179 оқ тауып алды. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
60 жастағы ер адам қаруларды көрген бойда қалалық полицияға хабарлаған.
“Тіркелмеген қару-жарақты пайдалану мен сақтау заңсыз болып есептеледі. Және қаруды абайсыз қолданса, оқыс оқиғаға тап болуы мүмкін”, -дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Полицияның деректері бойыншаа, 2017 жылы аймақтан 891 атыс қаруы тәркіленді. Сонымен қатар, тұрғындар өз еркімен 140 “ствол” тапсырды.
2017 жылы Алматы облысының аумағында атыс қаруымен 18 қылмыс жасалды. Оның 4-еуі адам өліміне әкелді.
newstaraz.kz