Алматы тұрғыны «күштеп қазақ тілін үйретуге» мойынсұнғысы келмегендіктен елден көшіп кетті
Алматыдан Ресейге көшіп кеткен Ирина Костевич. Фото: Азаттық
Алматы тұрғыны Ирина Костевич бірнеше жыл бұрын Ресейге көшіп кеткен. Ол Азаттықа елден кетуінің негізгі себептерін айтып берді.
Бұрынғы қазақстандық елден көшуіне бірнеше себеп болғанын айтады. Біріншіден, ол өмірін түбегейлі өзгерткісі келген. Ол бұрынғы Алматыны шексіз жақсы көргенін, сүйікті қаласының тыныс-тіршілігін жақсы білгенін айтады. Бірақ ол қазіргі Алматыны жатырқайды, алып шаһар да оған «жат болып кеткен».
«Жаңа қаланы жатырқамай қабылдап, онымен біте қайнасып кеткен жандар бақытты шығар. Шын мәнінде, қаладан мен кеткен жоқпын, сүйікті қалам мені жатсынды. Оның үстіне, экологиясы да нашарлап кетті. Көп ауыратын болдым, отбасы мүшелерінің де денсаулығы сыр бере бастады. Лас ауа, сапасы нашар азық-түліктер — Алматы сияқты күрт үлкейген қалалардың соры ғой», — дейді Ирина Костевич Азаттыққа.
Ирина «елден кетуімнің екінші себебі қазақ тілін білмегенім» дейді. Оның айтуынша, 1990-жылдары қазақ тілін өз еркімен үйрене бастаған. Бірақ Костевич «кейін тіл үйрену мәселесі мәжбүрлі науқандарға ұласты, ал мұндай күштеуді қабылдай алмадым, сондықтан елден кеткім келді» дейді.
«Мысалы мен Ресейде тұрып жатырмын, бірақ үкіметті немесе оның істерін мақтап немесе өзімнің патриотизмім жайлы айқайлағым келмейді, мұндайға жаным қас. Сол сияқты Қазақстанда да өтірік мүләйімсіп, өзімді болмысымнан бөлек етіп көрсеткім келмеді. Қазақтарды қанша жерден жақсы көрсем де, құрметтесем де мен орыспын әрі қызыққан нәрсеммен ғана айналысамын. Ал ұлттың жоғын жоқтағыш азаматтарға өзімнің ақ-адал екенімді үнемі дәлелдеуден, өзімді періште етіп көрсетуден жалықтым», — дейді Ирина Костевич.
newstaraz.kz