Алматыда емізулі сәбилер мен бүлдіршіндер суға жүзуден сайысқа түсті
Биылғы сайысқа 370 сәби қатысқан.
Мамандар осымен төртінші мәрте өтіп отырған шараға қатысушылардың саны жылдағыдан артып отырғанын айтады, — деп хабарлайды КТК.
“Менің баламның аты Жантөре. Оның Даун синдромы бар. Біздің бассейнге барған себебіміз, баламызды физикалық тұрғыдан жақсы дамытқымыз келді. Қазір даму жақсы. Тіл жағынан да. Бүгін спорт шебері атандық”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Ұлжан Қабделова.