Алматыда «фигурасын» бұзғысы келмейтін келіншек күйеуіне тоқал іздеп жүр (фото)
Күйеуіне тоқал іздеген бойжеткен. Фото: NUR.KZ
Ұзын бойлы, қыпша белді бойжеткеннің әрекетіне саябақта демалушылардың бірі-шошып, енді бірі – күліп қараса, жасы келген қариялар келіншекке ренжулі болды.
Өзін «Зарина» деп таныстырған бойжеткеннің жасы 28-де, Алматы тұрғыны екен.
«Мен бала туып, фигурамды бұзғым келмейді. Күйеуімнің жасы 35-те, жағдайымыз бар. Тоқал болатын қызды жеке пәтерге орналастырамыз, еш қиындық көрмейді. Жасы 25 пен 35 арасындағы әйелдер керек. Тек бала туып берсе болды», — деп ол өзінің талабын айтты.
Бойжеткен мұнысымен қоймай, өткен-кеткен еркектерден «Тоқал аласыз ба? Қандай қыздар ұнайды?» деп сұраумен болды.
Артынша келіншектің бұл әрекеті өтірік болып шықты. Отандық телеарнада әйел тақырыбында түсіріліп жатқан бағдарлама аясында жасалған шоу екенін алыстан бақылаушылардың бірі айтып берді.
Бойжеткеннің сөзінше тоқал іздеген оны көпшілік жақтырмапты. Апалар келіп осы қылығы үшін ұрсып бергенін де жасырмады.
newstaraz.kz