Новости на Newstaraz.

Алматыда кредит алып омырауын үлкейткен арудың төсі бір айдан соң солып қалды (фото)

newstaraz.kz

Көрнекі сурет. Фото: fishki.net

Қазіргі таңда дене бітіміңдегі кемшіліктерді түрлі пластикалық отаның  көмегімен түзеп алуға болады  Әсіресе, төсі мен ернін үлкейтетін қыздар саны күн елімізде санап артуда. Біздің редакциямызға хабарласып, есімін жазбауымызды өтінген Алматы қаласының тұрғыны осыдан жарты жыл бұрын гиалурин оттегісімен төсін үлкейткен, тіпті құны бір миллионға жететін процедура үшін несие алып, әлі күнге дейін қарызын жауып жүргенін айтты.

Бір өкініштісі,  үлкейткен омырауы бір аптадан соң бұрынғы қалпына қайта келіп алған, деп хабарлайды NUR.KZ.  

«2016 жыл тамыздың 30 күні  Қонаев пен Жібек жолы көшесінің қиылысында орналасқан «Косметология және дерматология институтына»  кеңес алуға бардым.  Мені қабылдаған маманның есімі — Саодат Жураева. Ол кісіні Instagram парақшасынан тапқанмын. «Сіздің жұмыстарыңызды көрдім, гиалурин оттегі арқылы төсімді үлкейткім келеді, жалпы бұл процедура қалай, ауыр емес пе?», — деп сұрадым. Ол кісі маған ешқандай қиындық жоқ екенін, жеңілдік жасап беретінін айтып, төсімді көрді.  Әр омырауыма 20 мл шприцпен 5 дана дәрілік препаратты салсақ, формасы жақсы болатынын айтып сендірді», — дейді омырауын үлкейткісі келген бойжеткен.

Отадан кейінгі сурет

Оның айтуынша, дәрігер оған бағасы 350 долларлық 20 мл гиалуронды жеңілдікпен 320 долларға жасап беруге дайын екенін және ешқандай ауырлықты сезінбейтінін мәлімдеген.

«Бір жағынан үш жыл кепілдік береміз деген соң, кәдімгідей сендім, оның үстіне үш жылдан соң формасын ұстау үшін бір-екі шприц гиалурон құйып тұрсаң жетеді деген. Менің төсім мүлдем жоқ болғандықтан, операцияға келістім. Ертесі кешкі сағат бесте ота жасатуға бардым.  Оның құны 3 200 долларды құрады. Жанымда құрбым болған, екеуміз дәрігерді бір сағаттай күттік, содан мені операция жасайтын бөлмеге апарды. Формасын сызып,  кеудемді үлкейтуді бастады. Процедура өте ауыр болды, мен қолымды қозғалта алмай,  есеңгіреп қалдым, бірақ жақсы нәтижемен шықтым. Үйге келген соң түнімен ауырдым.

Бірнеше күнде бәрі жақсы болған сияқты көрінген, бірақ төрт күннен соң кеудемнің көлемі кішірейе бастады.  Негізі, мен қайта қаралуға он күннен кейін баруға тиіс едім. Бірақ алтыншы күні омырауым мүлдем кішірейіп кетті.

Содан Саодаттың қабылдауына қайта жазылып,  гиалуронның кішірейіп жатқанын айттым. Ол  басында ісік болған, гиалурон солай ағзаға сіңіп кететінін, бастысы қалған бөлігінің тұратынын айтты. Ол кезде кішірейсе де, кеудемнің біраз формасы болды.  Бірақ, екі күннен соң төсім баяғы қалпына келді.  Мен тағы да дәрігерге барып,  форманың жоғалып кеткенін, сонша ақшамның далаға кеткенін айтып, шағым жасаймын деп ескерттім.

Гиалурон тарап кеткеннен кейінгі омырау

 «Менің кінәм жоқ, УЗИ-ға бар, басқа жерге барып дәлелдесең де, ағзаңда гиалурон бар, факті осы. Саған тағы бір процедура жасату керек, мен оның бір ғана процедура емес екенін айтқанмын», — деп ақталды ол.

Дәрігердің өте дөрекі, клиентпен санаспайтынын айтқан кейіпкеріміз маманның гиалуронды бірнеше рет егу керек екенін ескертпегінін айтады.

Бойжеткен құны бір миллионға жететін отаны жасатуға алған несиесін әлі күнге дейін жауып жүр.

«Сіздердің редакцияға  хабарласып, оқиғамды айту себебім мен сияқты талай қыз осындай алаяқ дәрігерлерге алданбаса екен. Онсызда оған барған  талай қыз жылап жүр», — дейді ота жасатып алданған қазақ қызы.

NUR.KZ порталы анықтағандай, кейіпкеріміз барған Саодат Жураева дәрігерлер отбасында дүниеге келген, доцент,  бас дәрігер, «Косметология және дерматология институтының» директоры.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »