Алматыда полицейлер көпшіліктің көзінше қарт адамды ұрып-соқты (фото)
Суреттер Гүлнәр Әбішева Facebook-тегі парақшасынан алынды
Желі қолданушысы Гүлнәр Әбішева өзінің Facebook-тегі парақшасында егде жастағы адамды құзырлы орган өкілдері қалай соққыға жыққанына куә болғанын жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
«Барлықтарыңыздың назарларыңызға! 12 тамыз күні Самал 2 ықшамауданында Меңдіқұлов — Снегин көшелерінің қиылысындағы аулада тұрғындардың көзінше, құзырлы орган өкілдері заңға қайшы әрекет етті. Олар қарт адамды алма сатқаны үшін соққыға жығып, қолын сындырды. Ар-ұяттан жұрдай екі жас офицер осылайша, заңсыз тауар айналымымен күреспекші болды. Егер өтіп бара жатқан ер адам, бойжеткен және қаланың беделді адамдары қарт кісіге жақтаспаса, онда еліміз тағы бір адамға кемитін еді. Алысқа бармайтын биліктің екі өкілі көшеде болып жатқан бассыздыққа араласқандардың бәріне сес көрсете бастады. Алайда, Құдайға шүкір бассыздық пен тәртіпсіздіктің одан әрі өршуіне жол бермейтін елімізде иманды және батыл адамдар әлі де бар екен. Олар өз отбасын асырау үшін егде жасында есірткі немесе ішімдік емес, заңсыз алма сатқаны үшін айыпты болған бейбақ адамға біздің полиция өкілдерінің одан әрі жәбір көрсетуіне жол бермеді. Тіпті ол заңды бұзған күннің өзінде де қартты соққыға жығып, мүгедек ету — бұл барып тұрған заңсыздық және бассыздық. Құрметті Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, сонымен қатар қалалық ІІД басшысы С.М Күдебаев мырза, мына құзырлы орган өкілдерінің бассыздығына назар аударыңыздар, адамдарды қорқытуды доғарыңыздар! Сурет жазбаға қоса тіркеледі», — деп жазды әйел өзінің парақшасында.
[pt_view id=»2216c5d386″]
newstaraz.kz