Америкалық журналист: Головкинннің бетінен бет қалмайды
Альварес пен Головкин. Фото: vesti.kz
Белгілі The Ring баслымының журналисі Дуглас Фишер 16 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинді қалай ұтуға болатыны туралы өз ойын айтты деп жазады Vesti.kz.
«Канело» орта салмақтағы бір соққыдан нокаутқа түсіретін боксшы емес. Ондай болған күннің өзінде Головкиннің иегі мықты.
Сонымен бірге, 16 қыркүйекте Альварес жеңеді деп ойлаймын. Жекпе-жек қабақтың жарылуына байланысты тоқтатылады. Бұл мүмкін емес жайттардың қатарынан емес. Головкин талантты және ірі Дэниэл Джейкобспен таяқ жемей 12 раунд жұдырықтаса алғанымен, «Канеломен» жекпе-жекте оның бетінен бет қалмайтынына кепіл беремін.
Сондықтан «Канело» жақын аралықта жұдырықтасады. Қолы ауыр панчер жақын келсе бар өнерін көрсетеді. Меніңше, «Канело» жақын аралықта жұдырықтасу мен қашан демалу керектігін дәл үйлестіре алса, жеңістің кілтін табады», — дейді Фишер.
Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.
newstaraz.kz