Новости на Newstaraz.

Қарақат Қыдырәліге тоқал алып бермейтін болды

newstaraz.kz

Жұбайы Қыдырәлі Болмановқа тоқал әперемін деп елді шулатқан танымал әнші Қарақат Әбілдина тоқал туралы жазған жазбасына қатысты пікір білдірді.

Әнші жұбайына тоқал алып беру ниетінің болмағанын, тіпті халыққа екі әйел алуды насихаттау ойында да жоқ екенін айтты.

«Мен халқыма екі әйел алуды насихаттаудан аулақпын!!! Алдында достарымыздың арасында отырып, Қыдекеңнен сыйлық жайында сұрағанымызда, екінші әйел сыйласаң деп әзілдеген еді. Сол сөзін есіме сақтап, құттықтау тілегіме міндетті түрде екінші әйел жайында қосып жазармын, еркек қауымына өте жағатын әңгіме ғой деп, Қыдырыма деген сезімімді ойыма ештеңе алмай, паш етіп жазуға бел шештім. Бомба болып жазылған сөзімді оқығаннан кейін Қыдекең құшағына қысып тұрып: «Жаным сол! Ниетіңе рахмет! Маған деген сезіміңді өте жоғары бағалаймын. Мен сені ғана жүрегіммен сүйемін! Мәңгі біргемін» дегені ниетімнің орындалғаны еді. Ең басты тосынсый — ол алыстан, жан-жақтан өзім жинаған жан достары болды. Балаша қуанған жүзін, бақытты сәтін көруден басқа артық ой болған жоқ менде. Отбасымыз аман, ұрысқан жоқпыз, таласқан жоқпыз Алла сақтасын! Өнеріммен көкке көтеріп жүрген халқымның болмашы нәрсе үшін жазған ауыр сөздеріңіз бен неше түрлі болжамдарыңыз жүрегімді сыздатты. Шындығында, ешкім ешнәрсе бүлдірген жоқ, ешкім зиян шеккен жоқ. Біз сол сіздер білетін, бір-біріне сенетін, махаббатты құрметтейтін Қыдырәлі мен Қарақатпыз. Солай бола береді де», — деді Қарақат Әбілдина өзінің Instagram-парақшасында.

Әнші сондай-ақ, сыртынан ғайбат айтып, балағаттағандарға кешіріммен қарайтынын да айтқан.

«Аузынан Алласы, жүрегінен иманы түспеген халқым менің, отбасым түгілі Отанымды, өзім түгілі сіздерді жамандыққа қыймаймын. Біз үшін ғайбат айтып, күнә арқаламасаңыз дейміз. Аллаға шүкір бүгін елімізде тыныш, жерімізде тыныш. Жүрегіміздегі, көңіліміздегі  тыныштық бұзылмасын!!! Әппақ адал ниетімді сан-саққа ұшыратып, біраз жерге апарып тастадыңыздар. Сыртымыздан балағаттап, ғайбат сөздер жазған жандарды Алла кешірсін! Үндемей қалғанға бәрін оқымады, көрмеді, әсер етпеді демеңіздер», — делінген Қарақаттың әлеуметтік желідегі жазбасында.

Еске сала кетсек, жуырда әнші жұбайы Қыдырәлі Болмановтың туған күніне тоқал сыйлайтынын айтып, әншінің бұл жазбасы желді үлкен дүрбелең туғызған.

Источник: Nur.kz



Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »