Новости на Newstaraz.

Арабқа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге қыздардан бұл қателікті қайталамауды сұрады (видео)

newstaraz.kz

Мысырлық арабқа күйеуге шыққан қазақ қызы өзінің бұл әрекетін үлкен қателік деп есептейді.

Бұл туралы Мысырға барып, жерлесімізбен тілдесіп қайтқан профессор, түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы мәлімдеген деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ғалымның әңгімесі жазылған бейнеролик 1 сәуір күні Facebook-тегі парақшалардың бірінде жарияланды.

Қазақ қызы араб жігітімен Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетте бірге оқып, сол жерде танысқан екен. Көңілдері жарасқаннан кейін үйленуді жөн санапты.

«Мысырдағы қазақ жігіттерден сұрадым, осында тұрып жатқан қазақ қыздар бар ма деп. Екі қыздың бар екенін айты. Бірінің күйеуі кездесуге рұқсат бермепті, екіншісі келіскен. Соның үйіне бардық. Бес қабатты үй екен, күйеуі қарсы алды да, бізді жөнімізге қалдырды. Содан әрі қызымыз жағдайын айтып, еңіреп қоя берді: «Таныстық. Үйлендік. Бір балалы болдық. Сонымен елге барамыз деп айтты да, Мысырға келдік. Сөйтсем, оның екі әйелі бар екен. Ұшақтан түскен соң паспортымды алды да қалтасына салды. Содан бері паспортым жоқ. Үйіммен сөйлесейін десем сөйлескізбейді, бәрі бақылауда. Мен қазір түрмедегі адаммын. Келгеннен кейін тағы екі бала таптым. Дүкеннен өзге ешқайда шыға алмаймын. Қазақстанның елшілігінің қайда екенін де білмеймін. Мына қазақ жігіттер келіп, апарайық деп айтты, алайда, ондағылар мені құжатсыз қабылдайды ма, жоқ па белгісіз» деп қарындасымыз мұңын айтты», — дейді профессор Қаржаубай Сартқожаұлы.

Ал қоштасар сәтте арабқа күйеуге шыққан қазақ қызы елдегі сіңлілеріне сәлемдемесін де жолдапты.

Кетер кезде ең соңғы айтқан сөзі мынадай болды: «Аға, сіз жоғары оқу орнында ұстаз екенсіз, қазақтың қыздарына айтыңызшы, басы таз, мұрны пұшық болса да қазақ жігітіне шықсын. Еш уақытта басқа ұлтқа шықпасыншы. Осыны жүрген жеріңізде айтып жүріңізші, аға. Мен сізге тапсырар жалғыз өтінішім осы» деп қарындасымыз жылап қалды.

Айта кетейік, Қаржаубай Сартқожаұлы Тарих ғылымының кандидаты, профессор. Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жанындағы Түркітану, алтайтану ҒЗИ директоры. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.

 


 

 

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »