Новости на Newstaraz.

АРАЛ ХАЛҚЫ: САСЫҚ ИІСКЕ ТҰНШЫҚТЫҚ!

newstaraz.kz

Онсызда экологиялық апаттың зардабын аз тартпаған Арал қаласы тұрғындарының тынысы тарылып жатыр. Үйден шығып, терезе ашудан қалдық деп шулаған жұрт, 24 сағат бойы қолқаны қабатын сасық иістен әбден мезі болғандарын айтады. Мәселе тек иісте ғана емес. Қазір ауылдың малдары да жаппай бірінен кейін бірі қырылып жатқан көрінеді. Басты себеп-елдімекеннен не бәрі бір шақырым жердегі алаңға кәріз суы тәулік бойы құйылып жатыр екен. Ал, бұған жергілікті биліктің айтар өз уәжі де жоқ емес. Тұрғындардың мұңына құлақ түріп қайтқан тілшіміз не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Аралдықтардың соңғы 5 жылдан бері тынысын тарылтып отырған мына көлшік. Бұл жерден тұрмыстық қалдықтардан бөлек мал өлекселерін кездестіруге болады. Тұрғындардың айтуынша қоршаусыз жатқан бұл жерлерден өтпек болған төрт түлік ми батпаққа батып, өліп жатқан көрінеді. Сонын салдарынан тұрғындар қолаңса иістен арыла алмай отыр. РУСЛАН РАХМЕТОВ, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: “Жаздың күні тереземізді ашып отыру мүмкін емес. Бала-шағамыз бар, дем алады. Иіс шығады, әсіресе мына жақтан жел тұрғанда иіс шығады. Үйде тыныс алу не возможно”. Бұл жерге кәріз суын мынадай көліктер күні-түні келіп құяды екен. Жүргізушілердің айтуынша, қала бойынша осы жерлерден басқа қалдық төгетін орын жоқ көрінеді. Ал, тұрғындар шағымымызды тыңдап, өтінішіміге құлақ асқан ешкім ешкім жоқ, дейді. Осының салдарынан жұрт төрт түлік малын андуды әдетке айналдырыпты. Себебі жайылымға кеткен мал осы шалшықта арам қатып жатыр екен. ТОРТАЙ БЕЙІСОВ, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: “Мінекей, қанша малымыз қырылып жатыр. Міне бір сиыр жатыр, әне бір сиыр жатыр, ана жерде бүр түйе жатыр әнекей. Қаншама халық жаздай бойы еңбегінен айырылады, малы өйтсіп арам өліп қалып жатыр. Кейбіреулері үлгіргені суға батқан малын сойып алып үлгіреді. Бірақ ішек қарны жеуге келмейді екен”. Аралдықтар жергілікті билік бұл мәселеден хабардар екенін айтады. Алайда, бастаған істі аяқсыз қалдырды, дейді. РУСЛАН РАХМЕТОВ, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: “Әкімнің есеп беру жиналыса бәріміз қатыстық. Есеп берді, сол кезде бұл мәселе айтылды. Ертеңіне аты жөнімізді жазып алып қалды да бір апта 10 күннің ол жақ бер жағында погрузщикпен келіп, былай бір итерді, былай бір итерді. Как раз күн салындап, қар түсейін деп жатқан уақыт. Соынмен итеріп жатқанын суретке түсіріп алды да, документтерінің арасына тығып жіберді ау, видимо солай болды. Енді қашан келесіңдер деп едік ертең жаз түскеннен кейін келеміз деді. Сонымен енді жабулы қазан жабулы сол күйімен қалды”. Ал, әкімшілік өкілдері сүзік алаңының толық қанды жұмыс жасауына қаржат керектігін алға тартады. Осыдан 15 жыл бұрын салынған орын бүгінде заман талаптарына сай келмейді екен. АМАНТАЙ ТАСҚЫНБАЕВ, АРАЛ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: “Аралда салынып жатқан гостиница бар, соған канализационный насосный станция салып жатыр. Соның есебінен сүзік алаңында жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Басқа мүмкіндік болмай тұр. Қоршау болады ма? Қоршау болады. Ол жерде қазір поле фильтрация санитарлық нормаларға сәйкестендіріліп істеледі. Келесі жылы, қазір жоба сметалық құжаттары дайындалып жатыр”.

Шенділер осылайша бұл мәселе алдағы жылы шешімін табады деп сендірді. Дегенімен бұл алаңды көшіру мәселесін қарап жатпаған сыңайлы. Себебі ол көп қаржыны талап етеді, дейді. Мамандардың пайымынша қолаңса иістен арылу үшін бұл жерге сүзік алаңы емес, кәріз суын тазарту ғимараты салуынуы тиіс екен. Алайда оны аудан бюджті көтере алмайды дейді.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »