«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында бір жұмысшы қаза тапты
источник: Sputniknews.kz
Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатында бір жұмысшы мерт болды. 47 жастағы Мұрат Өтегенов аглофабрикада бригадир болып істеген.
Комбинатты басқаратын компания және билік оқиғаны “қайғылы оқиға” деп атады.
Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясының арнайы комиссиясы зерттеу істерін бастады.
Жұмыс беруші тарап аглофабрикада жұмысшыға не болғанын ашып айтпады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жұмысшыны өндіріс конвейнері тартып әкеткен болуы мүмкін.
Қаңтарда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиісті «Шахтинская» шахтасында кенші қаза болған. Ол екі апта ауруханада жатып, 10 қаңтарда көз жұмған. Бұл оқиғаны да «қайғылы оқиға» деп атаған. Кеншінің өлімінің себебі әзірге ашық айтылмады.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының құрамында Қарағанды облысындағы бірнеше шахта және Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат бар. Компанияға миллиардер Лакшми Митталиелік етеді.
newstaraz.kz