Арыстанбек Мұхамедиұлы: Күдік болса, елбасы мойнымды жұлып алар еді
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: prmeminister.kz
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Азаттық радиосына сұхбат беріп, өзіне қатысты күмәнді сұрақтардың барлығына жауап берді.
Естеріңізде болса, Мұхамедиұлын бірнеше студент қыздар төсекке сүйреді деп айыптаған болатын. Сондай-ақ, танымал актер, Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов та министрмен дауласып, түрмеден бір шыққан болатын.
NUR.KZ сұхбаттың бір бөлігін назарларыңызға ұсынады.
– Қызметтестеріңіз бен басшылығыңыз бұл оқиғаны қалай қабылдады? Астанадағы жоғарғы билік – Ақорда қалай қабылдады?
– Ол кісілер толығымен зерттеді. Екеумізден көп зерттеді.
– Қандай орган зерттеді? Президент әкімшілігі ме?
– Біз үкіметтің мүшесі болғандықтан ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық бюро, ішкі қауіпсіздік қызметі – бәрі тексерді. Олар міндетті түрде тексеру керек. Министрге айып болып жатқан соң ол кісілер міндетті түрде тексереді.
– Тексерген соң не болды?
– Тексерді де «мына айыптаулардың барлығы – еш негізсіз» деп көрсетті.
– Ал тікелей басшыңыз – премьер-министрмен, президент әкімшілігімен кездесу болды ма осы мәселеге байланысты?
– Иә. Барлығы айтып жатыр «шындық үшін аяғына дейін күресу керек» деп.
– Яғни сізді қолдап отыр ма бұл тұрғыда?
– Әрине. Бір кішкентай күдік болса, ол кісілердің өзі айтар еді «Мынауың не? Не масқаралап жатырсың?» деп. Елбасының өзі, былайша айтқанда, мойнымды жұлып алар еді «Мынауың не?» деп.
– Президентпен осы туралы әңгіме болды ма?
– Жоқ.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқыңыздар.
newstaraz.kz