Новости на Newstaraz.

Арыстанбек Мұхамедиұлының жұртты таңырқатқан әрекеттері қандай?

newstaraz.kz

Ректор кезінде жұртты таңырқатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрі болған соң да көзден кеткен жоқ. Сарапшылар оның қызметін түрліше бағалайды.

Бұл туралы Азаттық жазады.

Әлденеше рет тосын сөзі не ісімен ел көзіне іліккен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының аты соңғы кездері тағы айтыла бастады. Ол бірнеше ай бұрын қол қойған нұсқаулық музей қызметкерлерін уайымға салып, «министрліктің кей өкілдері дәстүрлі мәдени мекемелерді біріктіру арқылы қымбат ғимараттарды жекешелендіруді көздеуі мүмкін» деп алаңдауларына себеп болды.

«ӘЛИЕВТЕН» БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ЖОҒАЛҒАН СЫРМАҚ

1990 жылдардың бас кезінен мәдениет министрлігі мен Қазақстан президенті әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған Арыстанбек Әлиев есімді азаматтың жұрт көзіне алғаш іліккен сәтінің бірі – 2008 жыл. Ол сол жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ректорлығына тағайындала сала Әлиев деген тегінен бас тартып, Арыстанбек Мұхамедиұлына айналған. Өзі бұл әрекетін «мансабым өрге басқанда Рахат Әлиевтің туысы деушілер көбейді, 2007-2008 жылдардағы саяси оқиғалар ата-тегімді тезірек өзгеруге ықпал етті» деп түсіндірген. Бұл тұста Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы кезінде биліктегі ықпалды адамдардың бірі болған Рахат Әлиев қуғында жүрген еді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының есімі 2011 жылы тағы бір шетін оқиғаға қатысты аталған. Сол кездері президент әкімшілігінің жетекшісі болған Аслан Мусиннің әйелі Гүлбану Үкетайқызы өнер академиясында өткізген шеберлік сабағы бірінші курс студентінің сөгіс алуымен аяқталған. Шеберлік сабағына қатысқан ректор Арыстанбек Мұхамедиұлы байқаусызда күлген студентке сөгіс жариялап, ол оқиға жұрт арасында көп талқыланған.

Арыстанбек Мұхамедиұлының аты 2013 жылы президент Назарбаевтың 73 жылдығы тұсында тағы бір рет еске алынған. Алматы облысы Текелі өңірінің екі шебері Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап ұзындығы 73 метрлік сырмақ тіккен. Оны Арыстанбек Мұхамедиұлы алдырған, бірақ сырмақ президентке жетпеген. Ісмерлердің айтуынша, оны президенттің жиені Айсұлтан Назарбаевтың үйлену тойына апарып жайған. Шеберлер «Арыстанбек Мұхамедиұлы еңбегімізді елбасыға жеткізер деп үміттендік, сырмақ сонда қалды» деген.

Ал екі шебердің еңбегін елбасыға айтудың реті келмегенін түсіндірген Арыстанбек Мұхамедиұлы «сырмақтың суреті мен сипаттамасын президент әкімшілігіндегі кейбір қызметкерлерге жіберіп, хабар күтіп отырғанын» Азаттық тілшісіне хабарлаған. Ақыры ол сырмақтың президентке жеткен-жетпегені белгісіз күйде қалған.

ТЕЛЕФОН ҰСТАП ЖҮГІРУ ЖӘНЕ «НАЗАРБАЕВША КИІНУ»

2014 жылдың наурызында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Мәдениет министрі болып тағайындалған Мұхамедиұлының жұрт көзіне іліккен бір әрекеті 2014 жылы қараша айында Алматыда әлем чемпионаты өткен кезде болды. Ол әлем чемпионы атанған ауыр атлет Илья Ильинді марапаттау рәсімінде Қазақстанның әнұраны ойнап тұрғанына қарамастан жүгіріп шығып, гимн айтып тұрған спортшының құлағына телефонды тосқан. Кейін «спортшыға телефон соққан адам – Қазақстан президенті Назарбаев» екені хабарланған.

Мәдениет және спорт министріне көпшілік назары таяуда тағы да ауған. 2016 жылы ақпан айының соңында Қазақстанға келген Египет президенті Әбдел Фаттах әс-Сисиді әуежайдан күтіп алған Арыстанбек Мұхамедиұлының киімі әлеуметтік желілерде көп сөз болған. Министр осыған орай өзін «қасаң шенеунік стилінен гөрі еркіндеу киінгенді қалайтын мәдениет министрі» ретінде сипаттаған. Өзінің айтуынша, ол «киім киісте де Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуға тырысады».

Азаттық тілшісі сөйлескен сарапшылар мен мәдениет саласының өкілдері Арыстанбек Мұхамедиұлының қызметін түрліше бағалайды.

Актер Асанәлі Әшімов министрдің жұрт көзіне іліккен әрекеттерінің бірін – әнұран айтып тұрған спортшыны телефонмен сөйлесуге мәжбүрлегенін есіне алды.

– Илья Ильинге кімнің телефон соққаны белгілі. Назарбаев жұмсаса, әнұран түгілі Құран оқылып жатса да апарады, – дейді ол.

Сарапшы Айгүл Омарова Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаратын министрліктің ісіне көңілі толмайтынын айтады.

– Министрлік кино, балет, тағы да басқа салалардағы отандық өнер шеберлерін халыққа насихаттамайды, қазақстандық көркем фильмдерді телеарналардан көрсетпейді, – дейді ол.

Алайда жазушы, мәдениет және спорт министрлігіндегі көркемдік кеңес мүшесі Дулат Исабеков бұл пікірмен келіспейді.

– Отандық кинофильмдерді телеарнадан көрсету керек дегенді қолдаймын. Бірақ ондай құзырет Мәдениет және спорт министрінде жоқ. Өйткені телеарналар басқа министрлікке қарайды, – дейді ол.

Арыстанбек Мұхамедиұлының «өзімен сыйлас екенін» алға тартқан Дулат Исабеков «оның қызметінің саяси қыры туралы айтқым келмейді, ол – сірескен шенеунік мінезін бойына жұқтырмаған адам» деп қана сипаттады.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »