Аш балаларына жеміс термек болған жүкті әйел ағаштан құлап мерт болды
Жүкті әйел. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Өңірде жеті миллион адам ашаршылықтан зардап шегуде. 14 сәуір күні ашпыз деп шырылдаған бес баласына 20 метр биіктіктегі манго жемісін теріп бермек болған жүкті әйел ажал құшты.
Қаза болған Тали ауылының тұрғыны Бетти Атиено жүктілігіне қарамастан, күйеуімен ажырасып кеткен екен.
Қуаңшылық жайлаған кезеңде Уганда халқының жағдайы күрт төмендеп кетеді. Жүкті әйелдің қазасы өңірдегі ауыр ахуалдың айқын көрінісіне айналған. Жергілікті билік қиын-қыстау кезеңде адам өлімінің аз болуы үшін барын салып жатқанын алға тартуда.
newstaraz.kz