Новости на Newstaraz.

Астанаға қыдырып келген қонақтар тамақтанатын жер таппай, «аш» қалғанын айтты (фото)

newstaraz.kz

Фото: NUR.KZ

Бүгінде ЭКСПО өтіп жатқан Астанада елді мазалап жүрген өзекті проблемалар да жоқ емес. Мәселен, Астана тұрғындары мен қонақтары еліміздің бас қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының аздығына наразылық танытты. Елордалықтардың басым көпшілігі Астанада қоғамдық тамақтану орындары мен асханалар саны жеткіліксіз деп санайды. Мұндай ақпарат NUR.KZ тілшілері жүргізген арнайы сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Осылайша, сауалнамаға қатысқан 100 адамның жартысынан астамы шаһарда бағасы тұрғысынан қолжетімді асханалар саны аз деген тоқтамға келген. Олардың айтуынша қалада арзан әрі дәмді ас ұсынатын тек бірнеше қоғамдық тамақтану орындары бар.

Мәселен, Алматы мен Шымкенттен көшіп барған тұрғындар өз қалаларындағы саны көп асханалар мен кафелерге үйреніп қалғандықтан, Астанадағы қолжетімді қоғамдық тамақтану сервистерінің аздығына әлі күнге дейін үйрене алмай жүргенін айтады.

«Мұнда алғаш рет келгенде аш қалғаным есімде. Шымкенттің немесе Алматының қай түкпіріне барсаң да, арзан бағада қызмет көрсететін атмақтану орындары өте көп. Маған ұсынған жерлерге барып, тамақтары ұнамай, шыны керек, аш қалғанмын. Сондықтан Астана секілді ірі қаламызға осындай қарапайым тұрғындар үшін көптеп дәмханаларды салу керек қой», — дейді Алмагүл.

pogudx6vgr4ja864f.591bc7da
Фото: NUR.KZ

Астаналықтар тамақтану орындарындағы қызмет көрсету сапасы деңгейінің «орташа» екенін айтқан. Кейбірі, тіпті, асханалардағы сервистік қызметке «төмен» деген жауапты нұсқаған.

«Алматыдан бірнеше күнге әпкемнің үйіне келдім. Серуендеп, қала аралап жүріп, Астананың тамақтану орнына да барғым келді. Бұл тұрғыда қалалықтар баратын санаулы ғанат дәмхана бар екен.  Ал қалғандары қарапайым адамның қалтасы көтере алмайтын қымбат мейрамханалар. Мен барған тамақтану орнының сапасы да, қызмет көрсетуі де ұанаған жоқ», — дейді алматылық бойжеткен.

pogudx7uqcrcdb25a.72e1d122
Фото: NUR.KZ

Сонымен бірге, тұрғындардың айтуынша, «Елордадағы асханалардағы тамақ бағасы қарапайым халыққа қолжетімсіз» көрінеді. Дәл осындай жауапты сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамы белгілеген.

Қала жұртшылығы арасында аса танымал болмаса да, шаһар студенттерінің «сүйікті асханасына» айналған тамақтану орындарының бірі «Қазақ агротехникалық университетінің» асханасы болып шықты. Студенттер жазғы демалысқа шыққанымен, асханадан дәм татушылар саны күн ұзаққа үзілмейтін көрінеді. Бүгін де университет асханасына таңғы асқа келушілердің қарасы қалың.

pogudxop98l7cbk3k.54dae6c1
Фото: NUR.KZ

 

Таңғы асын осы асханадан ішуді әдетке айналдырған студенттердің бірі – Ақылбек Данабекұлы да, күндегі әдетімен бүгін де осында тамақтануға келген.

pogudx142o85c5rgco.bd68b6c4
Фото: NUR.KZ

«Тек мен ғана емес, университеттің басқа да студенттері мен оқытушылар түскі уақытта сыртқа шықпай-ақ, осы асханадан кешенді ас ішеміз. Мұндағы кешенді ас небәрі 290 теңге тұрады.Мұндай бағаны Елорданың ешбір жерінен таппайсыз. Бағасы арзан болса да сапасы өте жоғары әрі дәмді. Мұны тек университет студенттері ғана емес, қаланың барлық жастары біледі.

pogudx7ge9invhqh7.39c751c2
Фото: NUR.KZ

Жалпы, студенттерге осындай жеңілдіктер көбірек болса жақсы болатын еді. Мысалы, Астананың көп асханаларында кешенді ас 700-800 теңгені құрайды. Әрине, ауылдан келген жастардың мұндай тағамды қалтасы көтере бермейтіні анық. Сол себепті, әр ЖОО-дағы асхана тағамдары студенттер үшін арзандатылуы тиіс деп ойлаймын», — дейді ол.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »