Астанада ер адам Kaspi бөлімшесінде адамдарды кепілге алды. Ізінше ұсталды
18 маусымда түстен кейін Астанада Kaspi банк бөлімшесінде қарулы ер адам банк қызметкерлерін кепілге алған. Ізінше ұсталды. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, ер адам 7 адамды кепілге алған. Барлығы – банк қызметкерлері. Күштік құрылымдар полицияға штурм жасағаннан кейін кепілге алынған адамдар босатылған. Ешқайсысы зардап шекпеген. Бірақ кейбіріне психологиялық көмек көрсетілетіні хабарланды.
«Ер адам нені талап етті?» деген сұраққа ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «ол әр нәрсені айтты, ақша талап етті, туысқандарына жәрдем көрсетуді талап етті, мен өзім кіріп сөйлестім» деді штурм операциясынан кейін журналистерге сұхбат берген министр.
Ведомствоның хабарлауынша, штурм операциясы кезінде жас ағызатын газ және шулы граната қолданылған.
Ақпаратқа қарағанда, ер адамның «несиемен мәселесі» болған. Жергілікті Телеграм-арналары оның аты-жөні Әлихан Мурадов, Жамбыл облысының тумасы екенін жазды. Бұған қатысты ресми ақпарат таратылмады.
newstaraz.kz