Астанада пәтерақысын төлеу үшін қалталы азаматқа тәнін саудалаған бойжеткен сынға қалды (фото)
Бойжеткен. Фото: Instagram
26 жастағы Астана тұрғыны пәтерақысын төлеу үшін тәнін саудалауға әзір екенін айтып, жұрттың ашуын келтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бойжеткен Instagram-паблигіне өз фотосын жариялап, бірқатар ақпарат берген. Айтуынша, оның жасы 26-да, бойы 178 см, салмағы 57 келі, дене бітімі — 88-63-96.
«Сүйкімді, таза қызбын. Модельдік келбеттегі метиспін (қазақ+татар). Дене бітімім әдемі», — деген ару, тіпті төрт тіл білетінін де алға тартқан.
Бойжеткен жұмыс істейтінін, алайда кішігірім жалақысы түкке жетпейтінін айтуда.
«Демеушіні, қалталы азаматты шұғыл түрде іздеймін. Ертең таңертең мен пәтерақысына 50 мың төлеуім керек», — деп жазған бойжеткен.
Пікір қалдырушылар, «тәні мен арын саудаға қойған» бойжеткенді сынға алуда. Олар төрт тіл білетін адам жақсы жұмыс табуға қиналмауы тиіс екенін жарыса жазып жатыр.
newstaraz.kz