Астанада тағы да оқыс жағдай: Бесінші қабаттан екі жасар сәби құлап кетті
© Sputnik / Андрей Стенин
«Бүгін сағат 16.00 шамасында полицияға бесінші қабаттың терезесінен екі жасар бала құлап кетті деген хабар түсті. Сәби шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйеніп тұрғанда құлап кеткен», — деп хабарлады полициядан.
ІІД қызметкерлерінің деректеріне сәйкес, бүлдіршін ауыр жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілген.
Полиция ата-аналарға балалардың терезені өз бетімен аша алмаулары үшін кедергілер орнатуды, сондай-ақ терезенің жанынан бүкіл жиһазды алып тастауды ұсынады.
Еске сала кетейік, бұл соңғы тәулікте Астанада болған үшінші оқыс оқиға.
3 мамыр күні кешкісін жиырма жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің 21-ші қабатынан құлап мерт болса, бүгін 17 жастағы қыз Министрлік үйіне қарсы беттегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінен секіріп кетті.
newstaraz.kz