Атырау гарнизонының әскери қызметшілері 40 литр қан тапсырды
Дүниежүзілік донорлар күніне орай Атырау гарнизонының 100-ге жуық офицерлері мен келісімшарты бойынша әскери қызметшілері қалалық қан банкін толықтырды.
Қан тапсыру үшін әскери бөлім аумағында мобильді қан қабылдау пункті жұмылдырылды.
— Қан тапсырмас бұрын донорлар қан тобын анықтау үшін алдын-ала тексеруден өтті, сонымен қатар сауалнаманы толтырып, денсаулық жағдайы бойынша дәрігермен сұхбаттасты. Әскери қызметшілер қаланың қан банкін толтыру үшін үнемі қан тапсырып отырады», — дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы Басқармасының медициналық қызметі бастығы подполковник Нағысхан Оразмбетов,.
Дәрігерлердің айтуынша, ұдайы қан тапсыру ағзаға жақсы әсер етеді, донорлар сирек ауырады және өздерін жақсы сезінеді.
Әскери қызметшілердің өздері донорлытың қаншалықты маңызды екенін түсініп, ат салысып отыру қажет деп санайды, өйткені олардың әрекеті біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Осындай іс-шараларды әскерилер бес жылдан бері, жылына екі рет ұйымдастырып отырады.
ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов
Байланыс: +7-777-641-11-72
newstaraz.kz