Новости на Newstaraz.

Ауру баласын Астанаға апарған ана «бес жыл кешіккенін» естіген

newstaraz.kz

Оңтүстік Қазақстанда тұратын Гүлсара Құрбанчаева ДЦП-мен ауыратын баласына мемлекеттің тегін емін алу үшін бес жыл кезек күткен. Мамандар мұндай дертке шалдыққан балалар көбейіп бара жатқанын айтады деп хабарлайды Азаттық.

Гүлсара Құрбанчаева сал ауруына шалдыққан баласы Өмірбек Дүйсебаевпен бірге. Фото: Азаттық

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жеңіс ауылының 43 жастағы тұрғыны Гүлсара Құрбанчаева – алты баланың анасы. Оның бесінші баласы, 10 жасар Өмірбек Дүйсебаев церебралды сал ауруының (ДЦП) гиперкинетикалық формасымен ауырады. Өмірбектің денесі еріксіз қимылдайды. Сөйлей алмайтын бала әлдебір дыбыс шығарып, анасына бір нәрсені түсіндіргісі келеді. Бөлменің ішінде ары-бері жүрген ол әуелі әр затты бір ұстап, тістеп көреді. Терезе алдына барып, сыртқа көз тастайды. Енді бірде анасының алдына келіп еркелейді.

«Тынымсыз. Бұл үшін барлығы қызық. Шашады, төгеді, сындырады. Көзден таса етпеуге тырысамын. Бір нәрсеге ұрынып қалады ма деп қорқамын», – дейді Өмірбектің анасы Гүлсара Құрбанчаева.

Анасының айтуынша, Өмірбек туғанына екі күн болғанда қатты ауырып, аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Басының төбесі көгеріп, есін білмей жатқан бала 10 күннен кейін ғана үйге шығарылған. Бірақ үш айдан соң қызуы көтеріліп, денесі құрысып қалған бала ауруханаға қайта апарылған.

«Дәрігерлер тексере келе баланың туған кезінде басынан қатты соққы алғанын айтты. Алты айға толғанда ДЦП-ға шалдыққанын хабарлады», – дейді анасы.

Гүлсара Құрбанчаева Өмірбектің төрт жасқа келгенше буындары қатпай, орнынан тұра алмай жатқанын, сылап-сипап жүріп аяқтан тұрғызғанын айтады.

«Қазір өздігінен дәретке бара алмайды. Күніне 10 памперс (жаялық) алмастырамыз. Тамағын шайнап жей алмайды. Езіп беремін, жұта алмайды. Сөйлемейді, ымдайды. Ішіндегісін шығара алмай ашуланғанда аяқ-қолы тырысып, құрысып қалады. Дәрісін беріп, әрең жазып аламыз. Баламның қиналғанын көремін де жылаймын. Өзім де бірге қиналамын», – дейді Гүлсара Құрбанчаева.

Мүгедек балалы ана тұрмыстары да Өмірбекті қаладағы арнайы орталықтарға апарып дұрыстап емдетуге мүмкіндік бермей отырғанын айтады. Оның сөзінше, күзетші болып істейтін отағасының 35 мың теңге жалақысы күнделікті тамақтарынан, мемлекет берген жәрдемақы науқас баланың жаялығынан артылмайды.

«Ауылда мүгедек баланы емдетуге қандай мүмкіндік бар дейсіз? Қимыл қозғалысын жақсарту үшін массаж жасайтын маман жоқ. Сөйлету үшін тәжірибелі логопед керек. Ауылдағы мамандар «қажетті құрал-сайманымыз жоқ» дейді. Ал қаладағы арнайы орталықтарға келіп ем қабылдайын десек, тұрмысымыз төмен», – дейді ана.

Гүлсара Құрбанчаеваның айтуынша, Өмірбекті мемлекет есебінен тегін емдету үшін 2010 жылы жазған өтініші биыл мамыр айында ғана орындалған.

«Астанадағы балаларды оңалту ұлттық орталығына барып, 24 күндік ем қабылдап келдік. Ондағы дәрігерлер «Бес жыл кешігіп келдіңіз. Қайда жүрсіз?» дейді. Қайда жүруші едік, ауылда кезек күтіп жаттық», – дейді ол.

Дәрігерлердің «үміт бар» деген сөзін медеу қылған Гүлсара Құрбанчаева «дамуы тежелген, сөйлемейтін, әріп танымайтын балам сөйлеп, өзі дәретке барып, ас-суын ішсе, соның өзі үлкен күш еді» деп біледі.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »