Айқын Төлепбергеннің «Кешьюдің» бұрынғы әншісімен көңіл қосатыны рас па? (фото)
Айкын. Фото: xmusic.kz
Танымал әнші Айқын Төлепберген бүгінде бір үйдің отағасы атанған. Қазіргі таңда екі баланың әкесі. Алайда NUR.KZ порталына сенімді дереккөздің хабарлауынша, Айқын Төлепберген «Кешью» тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиді екінші әйел ретінде алу туралы шешім қабылдаған.
Жұлдыз Өмірғали
NUR.KZ порталына хабарласқан сенімді дереккөз Айқынның тоқал алатынын айтты. Оның айтуынша, екінші жары ретінде ол Жұлдыз Өмірғалиді таңдаған. Ал оның жары бұған өз келісім берген-мыс.
Бұған дейін отандық БАҚ-тың бірінде Айқынның әйелімен ажырасып кеткені туралы ақпарат тараған-ды.
Скриншот «Қаздала» сайтынан алынды
Осыған байланысты NUR.KZ Айқын Төлепбергеннің менеджері Петрге хабарласып көрді.
Петр бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды.
«Жоқ бұл өтірік әңгіме, ол әйелімен де ажырасқалы жатқан жоқ. Мұның барлығы жалған ақпарат. Оларда бәрі жақсы», — деді ол.
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың басында Айқын Төлепберген өзінің жары Әселді Сосо Павлиашвилимен бірге айтқан әнінің бейнебаянына түсірген. Сол жылдың мамыр айында Айқын екінші мәрте әке атанып, қызды болған.
Оның 2011 жылы туған Аңсар есімді ұлы өсіп келеді. Әнші ұлымен бірге түскен суреттерін желіге жүктемесе де, бірге серуендеген сәттерінен видео бөлісіп отырады.
newstaraz.kz