Қайрат Нұртастың анасы: Келінімнің сөзін естігенде жүрегім жарылуға шақ қалды
Гүлзира Айдарбекова.
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, ұлы Аян қазіргі жұбайына бесінші сыныптан бастап ғашық болған. Ал келіннің мінезінің жайлылығы продюсердің көңілінен шыққан.
Сонымен бірге Қайраттың анасы келін түсіру қуанышын неге мейрамханада емес, үй ауласында өткізгенін түсіндіріп берді.
«Неге мейрамхана емес деген сөздер көп болды. Біз өзіміз келін болып түскенде аулада, аға-жеңгелердің ортасында өте көңілді өтетін. Сондықтан біз жолдасымыз екеуіміз соны аңсап, үйдің ауласында өткіздік. Бесінші сыныптан бастап жақсы көрген қызы. Қаланың қызы болғандықтан орысшаға жақын екен, бірақ енді үйреніп жатыр.
Ең бастысы, жүрегінде арамдығы жоқ. Осы жасап жатқан жақсылықтардың барлығын қалай ақтасам екен дегенде жүрегім жарылуға шақ қалды», — деп ағынан жарылды екінші рет ене атанған Гүлзира.
newstaraz.kz