Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды
Айсұлтан Назарбаев. Фото: Facebook
Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялаған.
«Иә, мен Қазақстан футболының жетекшісі емеспін. Мен бұл циркке мүлде қатыспағанмын да. Қожағапанов қызметінен кетерде қандай да бір реформа жасағысы келген. Алайда, көріп отырғандарыңыздай, Жақсыбеков біздегі футболды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отыр. Бүгінде оның қоластындағы адамдар мен компаниялар дауыс беруді қадағалауда. Демек, демократиялы түрде дауыс берудің исі де сезілген жоқ.
Әрине, «Аға, мен сіздің айтқандарыңызды тыңдаймын» деп Жақсыбековке айтсам, мен ҚФФ президентінің орынтағында отырар ма едім?! Алайда, мен мұндай өтінішпен өзімнің туған атама да барған емепін. Олар мәселенің өр көкіректікте, билікке қызығушылықта және қол жетпеген табыста еместігін түсінбеген сияқты. Мен олар сияқты емеспін. Мен үшін ең басты құндылық — адалдық пен ары тазалық. Бұл оқиға біздегі элитаның әлі күнге дейін орта ғасырлық деңгейде ойлайтынын көрсетті», — деп жазды Айсұлтан Назарбаев.
newstaraz.kz