Новости на Newstaraz.

Қазақстанда 24 мың теңгеге жан бағуға бола ма? (фото)

newstaraz.kz

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің уақыт талабына сай емес екені айтылып келеді. Ол қазақстандықтардың нақты шығынын көрсете алмайды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңге болып өскені белгілі. Алайда бұл сома алматылықтардың күлкісін келтірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің нақты өмір жағдайына сай келмеуі еліміздегі ең төменгі жалақы, зейнетақы және түрлі жәрдемақының өте төмен мөлшерде болуына тікелей әсерін тигізуде.

NUR.KZ порталы жүргізген сауалнамаға қатысушы алматылықтар бірауыздан 24 459 теңгені бір айға жеткізу мүмкін емес дейді.

Ғылымбек, 40 жаста, такси жүргізушісі

Бір айға жетпейді-ау, жолыңмен-ақ кетіп калады ғой сол ақша. Күнделікті тамағың бар, наныңа қанша кетеді?!

Мырзахмет, 52 жаста, ауылдан келген қонақ

24 мың теңге қала түгіл, ауылдағы маған жетпейді. 24 мың деген ақша ма? Базарға бір кіресің, жоқ болады. Азық-түлік қымбаттап кетті.

Самал, 35 жаста, көп балалы ана

Күніне алатын наның бар, сүтің бар. Түкке жетпейді. Өзім қазір бала күтімімен үйде отырм ын. Төрт балаға 29 мың теңге жәрдемақы аламын. Ол әрине жетпейді. Әрі кетсе бір аптаға жететін шығар.  Егер сол ең төменгі күнкөріс деңгейін көтерсе алып отырған ақшамыз да сәл өсер еді.

Айгүл, 48 жаста, медицина қызметкері

Қайдағы бір ай, жетпейді ол ақша. Пәтерақы, коммуналдық төлемдер, тамақ бар. Қалада үйім бар, соның өзінде жетпейді. Қазір теңгенің құны жоқ. Азық-түліктің бағасы күннен күнге өсіп жатыр. Сосын, жол жүрісіміз бар. Қазақ болған соң, қонаққа барамыз, құр қол жүрмейміз.  Менің айлық табысым 120 мың теңге. Жарық, жылу, су өте қымбат. Ай сайын отыз мыңдай кетеді. Ал енді пәтердегілер қайтеді? Жалдап жүргендердің көпшілігі – қазақтар. Мен соларды ойлаймын. Не жеп жатыр олар?! Нан мен қара шаймен отыр деп ойлаймын.

Халима, 58 жаста, зейнеткер

24 мыңды бір айға жеткізу мүмкін емес. Ешқандай жолмен жеткізе алмайсың. Қазір азық-түліктің бәрі қымбаттап кеткен. Қалай жеткіземіз?! Зейнетақыдан зейнетақыға әрең жетеміз. Пәтер жалдайтын балаларға қиын. Пәтерге төлей ме, жоқ тамақ ала ма? Зейнетақыға биыл тоғыз пайыз қосты.

Қалдыбай, 57 жаста, сатушы

Өзіңіз есептеңіз: күніне жолға жұмсайсыз. Екі автобуспен баратындар бар.  Ары-бері 80 теңгемен күніне 320 теңге кетеді. Тамағы — 500 теңге. Сонда бір айда — 19680 теңге. Таңғы ас пен кешкі асты қосып тұрған жоқпын. Киім алмайсың. Ауырмайсың. Ешкіммен араласпайсың. Ешнәрсе ойламайсың. Адам ретінде емес, әшейін ит сияқты күн көресің. Келешегің жоқ, күнделікті тамағыңды тауып, біреуге жұмыс істеп келесің, сонымен болды. Сондай өмір бола ма, ол мазақ қылу ғой?!

Сәкен, 47 жаста , кәсіпкер

24 мың теңге деген ақша емес қой. Бір адамға суы бар, жылуы, жарығы, тамағы бар, газы бар. Қайда шығын бұдан да көп. Қазы-қартаны айтпағанның өзінде.

Бақыт, 28 жаста, сатушы

24 мың теңгеңіз қазір 2400 теңгеге сауда жасағанымыз сияқты ғой. Оған түк те алмайсың ғой. Әрі кетсе бір жетіге жетеді. Күнделікт нан, сүтке  ғана жетеді. Сүттің бір литрі Алматыда 300-320 теңге. Наның 75 теңге. Тек нанмен қоректенгеннің өзінде, ары бері жолың бар, сондықтан жетпейді.

Президенттің биылғы жолдауында ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау қажеттілігі айтылды.

«Ең  төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау керек. Ол қазақстандықтардың нақты тұтыну шығындарына сәйкес болуы міндетті. Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы саны 3 миллион адамның алатын зейнетақы, жәрдемақысын көтеруге мүмкіндік береді», — делінген жолдауда.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »