Қазақтың бүркітші қызы голливуд актрисасын жылатты (видео)
Бүркітші қыз. Фото: ihsan.kz
«Звездные войны. Эпизод VII» блокбастерінде ойнаған Дейзи Ридли Лос-Анджелесте өткен The Eagle Huntress деректі фильмнің тұсаукесерінен жылап қайтты. Оның бұлай толқуына кинодағы басты рөлді сомдаған әлемдегі ең жас бүркітші қыз себеп болған деп жазады ihsan.kz.
Бүркітші қыздың есімі — Айшолпан. Монғолияның қазағы. Фильм режиссері Отто Беллдың айтуынша Ридли қаршадай қызға қатты тәнті болған. Актриса өзі де бұл тарихи жағдай қатты толғандырғанын, фильмді жылап отырып көргенін айтады.
Сондай-ақ мұндай айтулы жаңалықпен алғаш болып әлеммен бөліскенін мақтан тұтады. Фильмнің тұсаукесерінде Айшолпан мен оның әкесі де болды. Монғолия мен Американың арасы жақын болмағанымен, басты қаһармандарды арнайы алдыртқан көрінеді.
Видео: Movieclips Film Festivals & Indie Films
newstaraz.kz