Қазақ жігіттері: «Қымбат көлігің болса, қыздар саған жалынады»
Қазақ жігіттері қымбат көлігі болса, қыздарды өзіне қарату оңай деп есептейді. Тіпті бойжеткен жігіт алдында жалынып тұрып алады деген ойда, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Жігіттердің бұндай ойына өзіндік себеп те бар болып шықты. Таңғы сағат алтылар шамасында Алматыдағы жатақханалардың алдында болған көрініске куә болған олар аулада тұрған қыз баласының қымбат автокөлік терезесінен көлік ішіндегі адамға әлденені айтып, түсіндіріп тұрған сәтін видеоға түсіріп алған.
«Жігіттер мынандай машинаң болса, қыздар осылай жалынады сіздерге. Сағат таңғы алты болды… Үш сағат болды, әлі жалынып отыр, қарашы. Шыңғырып жатыр ана жақтан…» деген видеоны түсірушілер оқиға Алматы қаласындағы 6-шы жатақхана алдында болғанын баяндады. Желіден тарап кеткен видеоны көрген қолданушылардың басым көпшілігіне бұл көрініс жақпай қалды. Олар жігіттердің әрекетін ер азаматқа тән емес деп, сынның астына алды. «Тек өзіне сенімсіз жігіттер ғана қыздар туралы сондай пікірде болады», «Нағыз өсекшілер, бізде ардан безген осындай еркектердің бары ұят-ақ», «Видеоға түсіргенше, барып көмектесулерің керек еді. Қазақтың қызы емес пе, қарындастарың? Ал сендер ақымақ болып соны сөз етіп отырсыңдар» деп жазды ашынған қолданушылар. Тағы бір желі қолданушысы қымбат автокөлік иесі қыздың өзі, ал сүйіктісі ішіне отырып алып, есікті ашпай қойған болуы мүмкін деген болжам жасаса, енді бірі қанша жерден ақшаға шалқып өмір сүретін миллионер болса да, жігіттің алдында бұлайша абыройын түсірмейтінін алға тартқан.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады