Бұхарада сәбиді саудалаған ана мен әже ұсталды
Өзбекстанның Бұхара облысына қарасты Пешкун ауданында екі әйел жаңа туған нәрестені 8 млн сумға (шамамен 800 доллар) сатқысы келген, деп хабарлады жергілікті милиция.
Мәліметтерге қарағанда, Пешкун ауданының Ж.Ф. есімді тұрғыны анасымен бірге жаңа туған нәрестені 8 млн сумға сатуға тырысқан. Олар сәбиді бір адамға беру кезінде ұсталды.
Екі әйелдің үстінен «адам саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
newstaraz.kz