Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкиннің кезекті қарсыласын анықтады
Бүкіләлемдік бокс кеңесі Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласын анықтады. GGG-дің енді аргентиналық Хорхе Хейланд (28-4-2, 15 КО) пен америкалық Джермалл Чарло (25-0, 19 КО) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады. Бұл туралы vRINGe.com порталы ESPN Deportes порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жекпе-жекте Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеуі сарапқа салынады.
Еске салайық, Чарло бұған дейін 69,9 келі салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартып, орта салмаққа ауысқанын хабарлаған еді. Ол өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, Джулиан Уильмстан үстем түсті.
Хейланд болса бірнеше уақыттан бері орта салмақта WBC рейтингінде көш бастап келеді. Бірақ әлі де чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізген жоқ.
vRINGe.com порталының таратқан мәліметі бойынша, бұл екі боксшы арасында өтетін кездесудің жеңімпазы алдағы уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесу керек болады.
newstaraz.kz