Новости на Newstaraz.

БАҚ: Шыңжаң мақтасына жарияланған бойкоттан Өзбекстан ұтады

newstaraz.kz

Өзбектің мақта нарығы биыл жандануы мүмкін, өйткені әлемнің көптеген мақта тұтынушы елдері Шыңжаңда өсірілген мақтадан бас тартып жатыр. Бұл туралы Гонконгте шығатын The South China Morning Post басылымы хабарлады.

Қытай — әлемде мақта өндіріс жөнінен екінші ел. Шыңжаңдағы мақта өңдеу зауыттарында 600 000 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Былтыр Қытай шамамен 5,9 миллион тонна мақта өндірді.

Сарапшылардың айтуынша, мақта алқаптарында мәжбүрлі еңбекті пайдаланғаны үшін сынға ұшыраған Өзбекстан енді басқаларға, әсіресе Шыңжаңға үлгі болып отыр.

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, өзбек белсенділері 2007 жылы халықаралық “Cotton Campaign” науқанын жариялап, әлемдік қауымдастық назарын өзбектің мақта алқаптарындағы жұмысшылардың ауыр жағдайына аудара алды.

Өзбекстанда жыл сайын миллиондаған адам мақта теруге шығатын. Оған дәрігерлер, мұғалімдер, тіпті балалар да тартылатын. Ақыры өзбек мақтасына санкция салынып, 300-ден астам бренд, соның ішінде Zara және Adidas компаниялары халықаралық бойкотқа қосылды. Өзбекстанның сол кездегі президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова әлемнің сән үлгілерін таныстыру кештерінен шеттетілді.

Содан бері Өзбекстан бала еңбегін пайдаланбауды үйрене бастаған. Басылым мәліметіне қарағанда, үкімет бұл мәселені шаруашылықтарды жеке қолға беру арқылы шешуге тырысты. Енді Қытай үкіметі де дәл осындай сынға ұшырап отыр, деп жазды басылым.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәлімдеуінше, Шыңжаңдағы миллионнан астам ұйғыр және аз ұлттар өкілдері еңбек және түрме лагерлеріне түсті. Оларға мәжбүрлеп жұмыс істеткізді, құқықтарын бұзды. Оған дәлел көп.

Қытайдың ресми тұлғалары лагерлерді жікшілдік, терроризм және экстремизммен күресуге арналған қайта тәрбиелеу орталықтары деп атаған. Бірақ биыл қаңтарда Вашингтон Шыңжаңның мақта және томат өнімдерін сатып алуға тыйым салды. Көп кешікпей Канада мен Ұлыбритания да осындай шектеу енгізді.

Халықаралық брендтердің бірқатары шыңжаң мақтасын тұтынбайтынын мәлімдей бастады. Олардың арасында H&M бренді бар. Nike, Ralph Lauren, Gap және American Eagle Outfitters компаниялары да Шыңжаңда өсірілген шикізатты немесе өнімді пайдалануға тыйым салды.

South China Morning Post газетіне сұқбат берген бір өзбек шенеунігі биыл Өзбекстанның мақта саудасы мен оның мақта өндірісіне арналған инвестициясы артатынын айтқан.

«Шыңжаңның қазіргі қиыншылығы — Өзбекстанның жақсы мүмкіндігі. Ірі трансұлттық брендтер мен жекелеген саудагерлер өзбек ресурстарына қызығып отыр, өйткені олар Қытайдағы қызметіне алаңдайды», — дейді өзбек шенеунігі.

The South China Morning Post газетінің хабарлауынша, Өзбекстан Қытайға да мақта экспорттай алады. Былтыр Қытай 2,16 миллион тонна мақта сатып алған. Оның қырық бес пайызы Құрама Штаттардан алынған.

Халықаралық «Cotton Campaign» коалициясы Өзбекстанда былтыр мақта жинау науқаны кезінде үкіметтің мәжбүрлі еңбекке жол бермеуге тырысқан әрекеттерін атап өткен.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »