Новости на Newstaraz.

«Вагнер» жеке әскерінің қаруы мен техникасы орыс армиясына берілді

newstaraz.kz

«Вагнер» жеке әскерінің қару-жарағы мен техникасы Ресей армиясына берілді. Бұл жөнінде Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады. Мекеме мәліметінше, екі мыңнан астам әскери техника және атыс қару-жарақтарын алған.

Орыс армиясына өткен техникалардың ішінде Т-90, Т-80 және Т-72 танкілері бар, сонымен бірге «Град», «Ураган» реактивті жүйелер, «Панцирь» зымыран кешені, 2С1 «Гвоздика», 2С3 «Акация», 2С5 «Гиацинт», 2С4 «Тюльпан» артиллериялық қондырғылар және басқа да әскери техникалар бар.

Әскери мекеме хабарлағандай, алынған техникалар мен қару-жарақтар соғысқа жөнелту үшін техникалық тексеруден өткізіледі.

«Вагнер» жеке әскери компаниясын Владимир Путиннің ең жақын серіктерінің бірі, петерборлық кәсіпкер Евгений Пригожин 2014 жылы құрған. «Вагнер» әскері Донбасстағы қақтығысқа қатысып, сепаратистер тобын қолдаған. Сонымен бірге Африка және Таяу Шығыс елдерінде де соғысқан.

Былтыр ақпан айында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін «Вагнер» әскері бұл соғысқа белсенді түрде қатысқан. Евгений Пригожин әскер қатарын түрме тұтқындарымен толықтырып отырды.

10 маусымда Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу еріктілердің бәрін қорғаныс министрлігімен келісімге келуді бұйырған. Евгений Пригожин мұны жасаудан бас тартқан.

23 маусымда Пригожин Ресей әскері «Вагнердің» базасына ракетамен шабуылдады деп хабарлады. Кейін «Вагнердің» 25 мың жауынгері Шойгу мен Герасимовті жазалау үшін Мәскеуге қарай шыққан.

«Вагнер» бір күннің ішінде Дондағы Ростов қаласын бақылауға алған. Бүлік кезінде «Вагнер» бірнеше тікұшақ пен Ресей әскерінің ұшағын құлатқан. Бірнеше ұшқыш қаза тапқан.

Пригожин Александр Лукашенкомен келіссөзден кейін бүлікті тоқтатқан еді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »