Новости на Newstaraz.

Ресейде аспазды өлтірді деген күдікті 6,5 жылға сотталды

newstaraz.kz

Ресейдің Мытищи қаласында кафе қызметкерін өлтірді деген күдікпен ұсталған Тәжікстан азаматы Сайёра Дусаева 6,5 жылға еркінен айырылды.

Ресейдің Тергеу комитеті 36 жастағы Дусаева Грузия азаматын өлтіруге кінәлі деп танылғанын мәлімдеді.

Грузин азаматының өлімімен аяқталған оқиға биыл жыл басында Мытищи қаласындағы «Хинкальная Тбилисо» кафесінде болған. 4 қаңтарда онда істеген 50 жастағы грузиялық аспаз жақында ғана тұрмысқа шыққан Сайёраға тиіскен. Осы ортада жанжал шыққан. Куәлердің айтуынша, аспаз әйелге қол көтеріп, шашынан сүйреген.

Сайёра босануға әрекет етіп, қолындағы асхана пышағымен аспазға қол салған Аспаз алған жарақатынан қаза тапқан.

13 шілдеде Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Сайёра Дусаеваның адвокаты соттың айыптау үкімі бойынша кассациялық арыз жазатынын мәлімдеді.

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода бұл іс бойынша ресейлік әріптесіне қайрылған. Оның хатында «аспаз Сайёра Дусаеваны қатты сабап, кемсітіп, ар-намысына тиген. Осыдан кейін Дусаева қорғануға мәжбүр болғаны» жазылған.

25 қаңтарда Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі Дусаева қамауға алынғаннан кейін оның сегіз жастағы ұлы отанына жөнелтілгенін білдірген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »